(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2021-2023 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ» ...

2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 71/338-VI шешімі

(2021.15.09. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2021 жылғы 17 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына, 75 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5953 тіркелген шешіміне сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2021.09.02. № 3/15-VІI шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.29.04. № 6/30-VII шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.12.07. № 9/43-VII шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.15.09. № 11/53-VII шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Түркістан қаласының 2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемде бекітілсін:

1) кiрiстер - 92 925 080 мың теңге:

салықтық түсiмдер - 14 352 897 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер - 839 894 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 14 359 139 мың теңге;

трансферттер түсiмі - 63 373 150 мың теңге;

2) шығындар - 111 374 337 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу - 0:

бюджеттік кредиттер - 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 24 870 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 24 870 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы - -18 474 127 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 18 474 127 мың теңге:

қарыздар түсімі - 30 600 493 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 13 828 000 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1 701 634 мың теңге.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.